#Рамазан2026: «Мұнара» : Ақтөбе қаласының Бас имамы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
Ақтөбе қаланың Бас имамы, облыс бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі, облыс бойынша «Халал Даму» мекемесінің жауапты маманы Алмат Әли журналист Ақтолқын Тажикованың «Мұнара» телеарнасындағы авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарлама барысында қаланың Бас имамы Рамазан айында атқарылған және енді атқарылатын қайырымдылық шаралалары туралы айтты.
Сонымен қатар адам өміріндегі зекеттің орны туралы түсіндіріп өтті. Одан өзге Амангелді әулетінің Рамазаны, имамның күн тәртібі, отбасы туралы сұрақтарға да жауап берді.
Сұхбатты алдағы жұма күні ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасынан Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://youtube.com/@munaratv
Телернадағы эфир уақыты жұма күні 06.35, 11.30, 19.30, 22.30.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































