Облыстың бас имамы «Бақытжан» мешітінің жамағатымен кездесті
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе қаласындағы «Жаңақоныс» елді мекеніндегі «Бақытжан» мешітінің жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында облыстың Бас имамы жүректері мешітке байланған мүміндердің сипаты турасында насихат айтып, сахабалар өмірінен мысал келтірді.
Сонымен қатар уақып қоры туралы айтып, оған өңірдегі жауапты маман Жарасқан Әбдісаламовты таныстырды.
Одан өзге жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі