Облыстың Бас имамы Алға ауданына арнайы сапармен барды 3913

Облыстың Бас имамы Алға ауданына арнайы сапармен барды

11 қараша 2024 462 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы Алға ауданына арнайы іс – сапармен барды. Алға ауданына барған Бас имам ең алдымен Алға ауданың әкімінің орынбасары Болатбек Таңжарбайұлының қабылдауында болды. Әкім орынбасары ауданның ахуалымен таныстырып, Бас имамның аудандағы 1 күндік жұмыс жоспарын бірге талқылады. Жұмыс жоспарын талқылау барысында жергілікті діни ахуалдың жай-күйін айта келе, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Әбілдаұлы өңірдегі діни ахуал, жат ағыммен күресу жолдары, жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру, аудан мен ауданға қарасты ауылдағы дін мамандарына әдістемелік көмек беру жолдарын ашық түрде айтып өтті. Сонымен қатар Алға ауданындағы мешіттердің жағдайы мен имамдардың әлеуметтік мәселелерін сөз етті. Одан өзге 2024 жылы жарық көрген «Бабалар ізімен» атты кітапты аудан әкіміне сыйға тартты.