Ақтөбе: Мүмкіндігі шектеулі 100 адамға ауызашар берілді 1602

Ақтөбе: Мүмкіндігі шектеулі 100 адамға ауызашар берілді

29 сәуір 2022 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының мұрындық болуымен, кәсіпкер, дін жанашырының демеушілігімен қасиетті Рамазанның құрметіне орай мүмкіндігі шектеулі 100 адамға ауызашар берілді. 

Сауабы мол игі басқосуда Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының мүшелері құрметті қонақтар қатарында болды. Сонымен қатар ауызашарда облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қасиетті айдың қадір қасиеті мен ұлылығына тоқталып, бұл айдағы дұға-тілектеріміз қабыл болып, елімізге тыныштық, халқымызға амандық болуын тіледі.Одан өзге облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантекинов пен мүгедектер қоғамының мүшелері ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетсек, ауызашарды «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әли жүргізіп, ал өнерпаздар салт-дәстүрді жаңғыртып, жарапазан айтты. 

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі