Қобда: «Әдемі әуезді азаншы» жарысы өтті 1356

Қобда: «Әдемі әуезді азаншы» жарысы өтті

27 ақпан 2022 165 Оқу 1 минут

Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында «Әдемі әуезді азаншы» атты жарыс ұйымдастырылып, оған 7 шәкірт қатысты.

Игі шараның мақсаты – шәкірттердің азан айту шеберлігін шыңдау, азанға деген махаббатын арттыру.

Жарыс қортындысы бойынша ең үздігі ретінде Әбіжан Нұржан саналып, бас жүлде иегері атанды. Ал І орынмен Қобылан Исатаев, ІІ орынмен Тұрар Булдуов, ІІІ орынмен Қапар Жәңібек марапатталды.

Оданда өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі