НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ БЕРІЛДІ (ФОТО) 407

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ БЕРІЛДІ (ФОТО)

11 желтоқсан 2020 111 Оқу 1 минут

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ел Президентінің жоғары марапаты Наурызбай қажы Тағанұлына елімізде дәстүрлі исламды дамыту, діни қызметті үйлестіру саласындағы жемісті еңбегі және қоғамда тұрақтылық пен татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін берілді.

Марапатты Бас мүфтиге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады.