Мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды 2954

Мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды

24 қыркүйек 2023 206 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы «Бегімбет» ауылдық мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай жамағат арасында «Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі жайлы не білеміз?» тақырыбында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Жиналған жамағатқа ардақты Пайғарымыздың (с.ғ.с) ғұмыр жолы туралы сауалдарды қойылып, белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға ауыл имамы Нұрдәулет Әуезов сыйлықтар табыстады.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, игі дәстүр жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі