«Мұнара»: Ақтөбеде «Бабалар сөзі» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті 6765

«Мұнара»: Ақтөбеде «Бабалар сөзі» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті

29 қазан 2026 46 Оқу 0 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде руханияттың төл арнасы — «Мұнара» телеарнасының «Бабалар сөзі» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті.

Аталған түсірілім ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында Астана қаласында дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасы аясында ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Бас мүфти өз баяндамасында 2026 жылға арналған негізгі 4 бағытты мәлімдеген болатын. Соның ішіндегі маңызды бағыттың бірі — «Дәстүр және отбасы» жобасы аясында бұл түсірілімнің маңызы зор.

Телебағдарламаның бұл шығарылымына «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірті Ақжарқын Сапарбайқызы қатысып, «Жанбыршыұлы Телағыс» туралы жырды орындап шықты.

Дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттайтын «Бабалар сөзі» бағдарламасының жаңа шығарылымын таяу арада «Мұнара» телеарнасының эфирінен тамашалай аласыздар.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі