ҚМДБ АҚПАРАТ РЕСУРСТАРЫНА 24 299 КОНТЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ 2078

ҚМДБ АҚПАРАТ РЕСУРСТАРЫНА 24 299 КОНТЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ

12 қыркүйек 2022 53 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының www.muftyat.kz ресми сайтына және өкілдіктерге қарасты барлық ақпарат ресурсына жыл басынан бері 24 299 контент жарияланды. Бұл туралы ҚМДБ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Сыдықов айтты.

Елордада өткен кеңейтілген Орталық аппарат жиналысында Ағабек Қонарбайұлы «Ақпарат және ағарту» бағытында қаңтар-тамыз айларының есебін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына баяндады.

«Діни басқарманың ресми және өкілдіктерге қарасты сайттарына 24 299 материал салынды. Сегіз ай ішінде «MUFTIYAT» баспасынан 12 кітап жарық көрсе, «Мұнара» газетінде «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» айдары тұрақты түрде жүргізіліп, бүгінге дейін 22 мақала жарияланды. Мүфтияттың төл телеарнасы «Munara TV» ЦЭТВ-ға қосылып, 9 өкілдікте филиалын ашты. Жаңа маусымда көрермен қауымға жаңа тележобалар, подкаст сұхбаттар мен мазмұнды телехикаялар ұсынуда» деді бөлім меңгерушісі.

Сондай-ақ Ағабек Қонарбайұлы биыл журналистер күні қарсаңында «Ізгілік жаршысы» медаифорумы өтіп, ҚМДБ жанынан Бас редакторлар алқасы құрылғанын және «Мүфтияттың электронды кітапханасы» әзірленгенін тілге тиек етті.