«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: БАС МҮФТИ ЕМБІЛІК 2 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО) 1423

«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: БАС МҮФТИ ЕМБІЛІК 2 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

18 наурыз 2022 192 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысына арнайы ресми сапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазының алдында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 531, 532-ші, Ақтөбе өңірі бойынша 23, 24-ші баспана кілтін Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының тұрғындарына табыстады. 

Атап айтсақ, баспана иелерінің қатарында көпбалалы, жалғызбасты (4 қыз, 3 ұл, яғни 7 баланың) анасы Гүлшат Қазбекқызына 531 баспана, мүмкіндігі шектеулі санаттағы ана Салихова Венераға 532 баспананың кілті берілді.

Шара барысында Бас мүфти баспаналы болған отбасыларға құтты болсын айтты. Сондай-ақ мұқтаждың мұңын мұңдап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.

Бүгінгі қуаныш иелерін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі