ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ БАС МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ 1685

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ БАС МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ

09 мамыр 2022 119 Оқу 0 минут

Түркістанда өткен Мүфтилер алқасы мен халықаралық конференция аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Замир Ракиевпен сұхбаттасты.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық сөз болды. Одан бөлек Наурызбай қажы Тағанұлы көрші қырғыз елінің Бас мүфтиіне конференцияға арнайы келіп, мазмұнды баяндама жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, кеше Түркістанда түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» мен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық конференция өтіп, оған түркі жұртының Бас мүфтилері қатысты.