ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді 823

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді

07 маусым 2023 160 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді.

«Ғибрат» жобасы аясында «Ажырасу - Алла сүймейтін іс» апталығына орай @nur_gasyrинстапарақшасында ұйымдастырылған отбасы мәселеріне байланысты онлайн сұрақ-жауап эфирінде имамдар отбасы құндылығын сақтаудағы басты қағидалар, ажырасудың зардабы, неке құндылығы, бала тәрбиесінде мән берілуі тиіс жайттар мен жанұя жарасымын қалыптастырудың негізгі мәселерді атап өтті.

Одан өзге имамдар көрермендер мен оқырмандарға отбасы құндылығы аясында пайдалы кеңестерін бөлісті.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі