#Рамазан2026: Рамазан тәттілері таратылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен амал мерекесіне орай бүлдіршіндерге Рамазан тәттілері таратылды.
Шараның басты мақсаты – ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ балаларға Рамазан айының берекесі мен мейірімін сезіндіру болды.
Skypark аумағында өткен бұл шарада кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер үлестіріліп, оларды қуанышқа бөледі.
Амал мерекесі – қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрін дәріптейтін, адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық тілейтін ерекше күні. Осы мерекемен тұспа-тұс келген қайырымдылық шарасы балалар мен ата-аналардың жүрегіне жылулық сыйлады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































