#Рамазан2025:  Ақтөбе облысында 13 000-нан аса адам алғашқы тарауих намазын оқыды 4253

#Рамазан2025: Ақтөбе облысында 13 000-нан аса адам алғашқы тарауих намазын оқыды

28 ақпан 2025 260 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде 54 мешітте 13 0000-нан аса адам алғашқы тарауих намазын оқыды.

Айлардың сұлтаны Рамазаның алғашқы күні өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан,, ауыл мешіттерінде Рамазанның ресми ашылу, құттықтау салтанаты болды.

Облыстың Бас имамы Амантай Салиев жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы және тарауих намазының 20 ракағат оқу қажет екендігі туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Сонымен қатар жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің қасиетті айға үндеуі мен құттықтауына жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың бас қариы, облыстық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Хатым Құран оқиды.
Алла Тағала Рамазан айындағы ұстаған оразамызды, ғибадат-құлшылықтарымызды қабыл еткей! Кемеллік айында рухани жанарайық!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі