Имамдар мен жамағат «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысты 6277

Имамдар мен жамағат «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысты

14 сәуір 2026 34 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының имамдары мен жамағаты «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысты. Игі шараның мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

Аталған акция аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ауласында тазалық жұмыстары жасалып, мешіт ауласы тазартылды. Сондай-ақ, ағаштардың түптерін қопсытылып, жазғы маусымға дайындық жасалды.

Тазалық – иманның жартысы. Әр азамат үшін қоршаған ортаны таза ұстау – тек әлеуметтік міндет емес, рухани құндылықтардың бірі. Аталмыш акцияға Шалқар имамдары мен жамағаты қатысып, мешіт аумағы мен айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, мешіт жамағаты осындай шараларға тұрақты түрде атсалысып үлгі болуда.

Акция соңында имамдар табиғатты қорғау мен қоғамның ортақ игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.