Наурыз бен ауызашар қатар тойланды 3320

Наурыз бен ауызашар қатар тойланды

27 наурыз 2024 1135 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні мен Рамазан оразасына тұспа тұс келген төл мерекеміз Наурыз мейрамы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында ауызашармен қоса аталып өтті. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы жамағатты ұстап жатқан оразаларының қабыл болуын тілеп, жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтады. Алладан еліміз бен жерімізге тыныштық тілеп, жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақтың болуын ең үлкен нығмет екенін түсіндірді. Сондай-ақ мешіт ақсақалдары жастарға тәуелсіздік пен мамыражай өмірді қастерлеу керектігі жөнінде даналық насихаттарын айтты. Сонымен қатар мешіт қызметкерлері жамағатқа киіз үй мен мешіт асханасында дастархан жайып, наурыз көжеден дәм татқызды.