Әлемді түзеткің келсе... 611

Әлемді түзеткің келсе...

19 сәуір 2021 4689 Оқу 1 минут

Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. 

Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп саябаққа қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні саябаққа алып баратынына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүниежүзінің картасы көзіне түседі. Картаны майдалап жыртып, баласына «егер картаны құрасаң, сені саябаққа алып барамын» дейді де, өзі іштей «жақсы құтылдым-ау, ең мықты география профессоры да кешке дейін құрай алмас» деп ойлады. 

Арада 🔟 минут уақыт өтісімен-ақ баласы жүгіріп келіп:

– «Әке картаны түзедім, енді барсақ болады» - дейді.

Әкесі алдымен сенбей барып көреді. Көргенінде таңқалып қалай түзегенін сұрайды. Сонда баласы:

😊 – Маған берген картаның артында бір адамның суреті бар еді. Адамды түзеткен кезімде бүкіл дүние жүзі түзеліп шыға келді, - деп жымиыпты.


🔍 #ғибратнама