99 қағидасы немесе бақыттың кілті 190

99 қағидасы немесе бақыттың кілті

30 қыркүйек 2020 505 Оқу 1 минут

Бір Патша уәзірінен: Неге қызметшім менен де бақытты? Бейшараның ешбір байлығы жоқ. Ал мен, патшамын. Алайда, өзімді еш бақыт сезінбеймін, - дейді. Сонда уәзірі: Ұлы мәртебелім! Бақыттың кілті 99 қағидасында, - дейді.

- 99 қағида дегенің не? Ол қандай қағида?, - дейді патша.

- Патша ағзам! Мұны айтып түсіндіру қиын. Әмиянға 99 динар салып, 100 динар сыйлық деген жазумен қызмет есігінің алдына қалдыруды әмір етіңіз. Міне, сонда 99 қағидасының сырын көріп, білесіз, - дейді уәзір.

Кешкі уақыт. Қызметкер есік босағасынан әмиян тауып алады. 100 динар сыйлық деп жазып қойыпты. Қатты қуанып кетеді. Үйге кіре сала алтын теңгелерді санап шығады. Бір динар жетпей тұр. 99 алтын теңге. Бала-шағасы ұйқыға жатпақ боп еді. Барлығын төсегінен тұрғызды. Түсіп қалған болуы керек деп бала-шағасына іздетеді. Мұнысынан түк шықпайды. Күнде отбасына күлімсіреп жүретін қызметкердің түрінен түр қалмаған. Ашулы кейіппен алтын теңгені табыңдар деп барлығын қырып-жойып барады.

Таңертең қызметкер ұйқысынан жайсыз оянды. Түнімен дұрыс ұйықтай алмады. Сарайға қызметіне келді. Күнде жадырап жүретін. Бүгін жүзінде бір бір мұң бар. Мұның байқаған патша: Ә, 99 қағидасы деген осы екен!, - деді ішінен.

Адам баласы қызық қой. Жаратқан Иенің берген 99 нығметін көрмейді. Бар өмірін қажет емес бір нығметті іздеумен өткізеді. Құдай Тағала неге ол нығметті бермеді? Сол іздеп жүрген нығмет шындығында біз үшін қажет нығмет пе? Әлде, өмірімізді бұзатын бір пәлекет пе? Тоқсан тоғызын беріп тұрып, оны бермеген хикмет Иесі Алла Тағалаға неліктен тағдырымызды тапсырып жан рақатын таппаймыз? Шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттыра беремін демей ме Алла Тағала? Ендеше, бақыттың кілті өз бойыңдағы нығметті бағалауыңда жатыр.


«Нұр Ғасыр» мешіті 

Ұқсас жазбалар

ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ДАСТАН

ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ДАСТАН

28 желтоқсан 2020 9921
Жаман әйел

Жаман әйел

22 ақпан 2021 10058
ҰМЫТЫЛМАС ДӘРІС

ҰМЫТЫЛМАС ДӘРІС

28 қазан 2020 290
Тура биде туған жоқ...

Тура биде туған жоқ...

29 қыркүйек 2020 1028
ШЫНШЫЛДЫҚ

ШЫНШЫЛДЫҚ

08 желтоқсан 2020 9907