«Қурайлы» мешітіне бас имам тағайындалды
ҚМДБ Ақтөбе облысында «Қурайлы» атты 71 мешіт ашылып, жаңадан ашылған мешітке ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам Руслан Елемесов тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған имамды құлшылық ордасының салтанатты ашылу рәсімінде арнайы жұмыс сапарымен келген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жиналған жамағатқа таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Руслан Сатемірұлы — білімі өте жоғары, білікті маман. Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті, «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің түлегі.
Еңбек жолы
1998-2000ж.ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шілікті ауылы, «Нұрпейіс ишан» мешітінде бас имам;
2000-2001ж.ж. Ақтөбе қалалық мешітінде азаншы;
2001-2002ж.ж. Ақтөбе қалалық мешітінде наиб имам;
2002-2003ж.ж. Ақтөбе қалалық мешітінде бас имам;
2003-2006ж.ж. Ақтөбе қаласы, «Нұрдәулет» мешітінде бас имам;
2007-2009ж.ж. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, «Бақыт ана» мешітінде бас имам;
2012-2015ж.ж. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы;
2016-2020ж.ж. Ақтөбе қаласы, «Қабақ баба» мешітінің бас имамы;
2021 жылдан бастап, Алматы қаласындағы «Байкен» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде Ақтөбе қаласындағы Қурайлы елді мекенінде жаңа мешіт ашылды. Салтанатты ашылуына ҚМДБ төрағасы, мүфттиятағы басшылық құрам, қала тұрғындары, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, РАНТ мүшелері, Әжелер мектебінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, дін қызметкерлері т.б қатысты.
Жаңа мешіт 600 адамға арналған. Екі қабаттан тұрады. Мешіт ішінде имамның бөлмесі, әйелдер залы, кітапхана бар. Ал кітапханада мүфтият баспасынан шыққан кітаптар мен төл басылымдар: «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы, көркем әдебиеттер, жыр-дастандар, Абай мен Шәкәрім еңбектері т.б жалпы 234 кітап қорда қамтылған.
Мешіт туралы қысқаша мәлімет
Жер көлемі: 3285 шаршы метр
Жалпы аумағы: 600,32 шаршы метр
Мешіттің сыйымдылығы: 600 адам
Қабат саны: 2 қабат
Құрылысы басталған жыл: 2022 жыл
Ашылған жылы: 2025 жыл
Архитектуралық ерекшеліктері: Мұнаралар саны және биіктігі: 7.5 метрлік 3 мұнара.
Күмбезі: биіктігі 8 метр, 16 м диаметрлі.
Алла Тағала жаңа мешіттің ел ынтымағы мен бірлігіне және діни сауаттылықты арттыруға қызмет етуін нәсіп етсін!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі