«Қажылық және Ұмра сапарына дайындық» дәрісі өтті 3729

«Қажылық және Ұмра сапарына дайындық» дәрісі өтті

24 қыркүйек 2024 316 Оқу 1 минут

 Хромтау аудандық мешітте «Қажылық және Ұмра сапарларына дайындық» тақырыбында арнайы дәріс өтті. 

Аталған дәрісті аудандық «Нұр» мешіттің бас имамы Ерік Қонақбайұлы жүргізіп, қасиетті сапар туралы аяттар мен хадистерге сүйеніп, олардың мұсылман өміріндегі мәртебесі, орны туралы айтты.

Сонымен қатар қажылыққа, Ұмраға ниеттенген жанның не істеу, қалай дайындалу керектігін, өзімен бірге не алып жүруге болатыны-болмайтыны, ол жақта нені ескеру керектігі туралы және тағы да басқа көптеген кеңестер берді.

Айта кетейік, ауданның бас имамының айтуынша, аталған сабақты аудандық мешітте тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарланып отыр.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі