Оқушыларға салт-дәстүр мен дін сабақтастығын түсіндірді 3358

Оқушыларға салт-дәстүр мен дін сабақтастығын түсіндірді

13 сәуір 2024 1234 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков «№2 гимназия ЖОББМ»- нің оқушыларымен «Қазақтың салт – дәстүрі – ұлттық құндылығы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков қазақ халқының көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне тоқталып, «Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірін қуаттап, қоғамда ынтымақ пен бірліктің, бабаларымыздан қалған асыл құндылықтардың жоғалып кетпеуіне үндеп, кейінгі ұрпақтың болашағы жарқын болуына, өткенді ұмытпай, саралап ұлттық ар ожданының жоғалмауына шақырады» - деді.

Одан өзге оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.