18 Зул-Қағда
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫС ӨТТІ 4430

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫС ӨТТІ

18 сәуір 2025 310 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті. Аудандық Мұражай маңынан арнайы ашылған бильярд залында өткен спорттық сайысқа 63-72 жас және 72 ден жоғары жас аралығындағы ардагерлер қатысты.

“Үлкенге құрмет, кішіге ізет” үлкенге құрмет тұтқан Бас имам турнирдің ашылу салтанатына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Зейнеткерлер арасында бұқаралық спортты, бильярдты дамыту бағытындағы турнир.

Спорт сайысында ардагерлер турнир барысында дәлдік пен ептіліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасып, жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Қазыналы қарияларымызға құрмет көрсетіп, өнегелі еңбектері мен жетістіктерін, барлық ізгі қасиеттерін жастарға үлгі етіп келеді. Шыдамдылық, төзімділік және спорттық дайындықты қажет ететін бильярд турниріне қатысушы ардагерлер жеңіс тұғырынан көріне берсін.

Қай кезде де халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!