19 Жумад ас-сәни
Имамдар ардагерлер үйіне зиярат қылды 3860

Имамдар ардагерлер үйіне зиярат қылды

24 қазан 2024 268 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Дін мен дәстүр құндылығы» бағыты аясында Ақтөбе қалалық орталық мештінің имамдары ардагерлер үйіне барды. Қарттардың хәл-жағдайы мен көңіл-күйлерін біліп, олармен сұхбаттасты. Сондай-ақ, «Сынаққа сабырлық қылу» тақырыбында Рүстембек Аманғосов: «Дінімізде жас үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге міндет амал болып табылады. Оны дәстүріміздегі құндылықтарымыздан да көре аламыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» деп, қоғамда ізгіліктің маңыздығын атап өткен,»-деп уағыз-насихат айтып, кеңінен түсіндіріп өтті. Одан өзге ардагерлер үйінің ішкі тынысымен танысып, қариялардың қолөнер жұмыстарын тамашалады.