21 Сафар
Хромтауда мешіт жамағаты арасында білім сайыс өтті 4661

Хромтауда мешіт жамағаты арасында білім сайыс өтті

05 шілде 2025 68 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен мешітке келетін жамағатқа дұрыс сенімді насихаттай отырып, жат ағымның жетегінде кетуден сақтандыру мақсатында  жамағат арасында «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» атты білім сайысы өтті. 

Шараға қатысқан ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлы жамағатқа сайыстың мәні мен маңызына тоқталып, сәттілік тіледі.

Дода аясында қатысушылар бес топқа бөлініп, «Ақида, фиқһ, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен» тест сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар көрермендерге ауызша бейнетақта арқылы сұрақтар қойылып, үздік жауап бергендер мен белсенділік танытқандар сый-сияпаттармен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі