Хромтау: «Жастар – елдің болашағы» атты семинар-тренинг өтті 2586

Хромтау: «Жастар – елдің болашағы» атты семинар-тренинг өтті

30 наурыз 2023 263 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Аслан Берікұлының ұйымдастыруымен аудандық мешітте «Жастар – елдің болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 

Аталған семинарды спикер ретінде ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлы жүргізді.

Аудан жастарына арналған шарада жеке даму, күнделікті әдеттерді қалыптастыру, жақсылықта жарысу,т білім алу, үлкенге құрмет – кішіге ізет, қоғамдық жұмыстар туралы айтылды.

Одан өзге спикерлер баяндамасын баяндап болғаннан кейін «сұрақ-жауап» айдары аясында жастардың сұрағына тұщымды жауап берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі