Хромтау: Мешіт жамағаты жеңіспен оралды 1379

Хромтау: Мешіт жамағаты жеңіспен оралды

01 наурыз 2022 115 Оқу 1 минут

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» облыстық жол картасының кешенді іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Әйтеке би ауданының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында ауданаралық шаңғыдан жарыс өтті.

Додадаға Хромтау ауданынан 30 жасқа дейінгі аралықта 3 адам қатысып, І орынды Рысқұл Тілек, ІІ орынды Омар Аян, ІІІ орынды Тлеубай Орынбасар марапатталды.

Жарыстың қортынды есебі бойынша Хромтау ауданы үздік танылып, топтық жарыста І орынға ие болды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі