Хромтау: Имамдар мен жамағат арасында футболдан туринир өтті 2499

Хромтау: Имамдар мен жамағат арасында футболдан туринир өтті

17 ақпан 2023 83 Оқу 1 минут

«Ислам және ізгі қоғам» жылына орай ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкілдігінің «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында имамдар мен Хромтау жамағаты арасында футболдан кіші турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа имамдар, мешіт қызметкерлері, ұстаздар мен жамағаттан құралған 4 команда қатысты.

Іс-шараны Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, топтарға сәттілік тілеп, бұл спорттық сайыстың басты мақсаты - өзара ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Қайсар», ІІ орынды «Ақтөбе облысы», ал ІІІ орынды «Алаш» командасы иеленді.

Аталған шараға Хромтау қаласындағы №7 мектеп-гимназиясыының ұжымы қолдау білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі