Облыстың Бас имамы «Аqtobe» телеарнасында қонақ болды 3494

Облыстың Бас имамы «Аqtobe» телеарнасында қонақ болды

28 тамыз 2024 344 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің «Аqtobe» телеарнасында қонақ болып, «Дін мен дәстүр» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында облыстың Бас имамы өңірдің дін саласындағы өзгерістеріне тоқталды. Алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар дін мен дәстүр құндылығы аясында ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымыз, төл мәзһабымыз, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды туралы баяндап өтті.

«Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі – берік, келешегі – кемел болмақ»,-деді Амантай Әбілдаұлы.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі