Хромтау: Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық  шара ұйымдастырылды 671

Хромтау: Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық шара ұйымдастырылды

21 маусым 2021 131 Оқу 1 минут

2021 жылғы 18 маусым күні Хромтау аудандық мешіті ауласында Хромтау аудандық спорт-мәдениет орталығы және Хромтау аудандық мешітінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мешіт жамағаты арасында ұлттық спорт ойындары өткізілді.

Аталмыш жарысқа 30-ға жуық спортшылар қатысты. Жарыстың бағдарламасы бойынша арқан тарту, гір көтеру және қол күресінен сайыстар өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің атынан тиісті дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті