#Рамазан2026: Бас имам сағаты өтті 5996

#Рамазан2026: Бас имам сағаты өтті

28 ақпан 2026 40 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспарына сай Ақтөбе облысы өкілдігінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды. 

Ақтөбе қаласындағы «Әл-ләтиф» мешітінің Бас имамы Рүстембек Аманғосұлы «Рамазан – қасиетті ай» тақырыбында адамдарды бұл ай сабыр мен шүкіршілікке, кешірім мен мейірімге үндейтіні ерекше атап өтілді. Сондай-ақ «Намаз – діннің тірегі» екендігі насихатталып, намаздың адам өміріндегі тәрбиелік және рухани маңызы жан-жақты баяндалды.

«Бас имам» сағаты Рамазан айының рухани маңызын арттыру, жамағаттың діни сауатын кеңейту және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Жамағатты қасиетті айды барынша құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі