1 Сафар
"Әке мектебі" насихатталды 4537

"Әке мектебі" насихатталды

21 мамыр 2025 364 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани басқосу ұйымдастырылды. 

Ізгілікке жол ашқан бұл кездесуге Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетпісбаев арнайы қатысып, насихат айтты.

Кездесу барысында имам «Әке мектебі» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізіп, ер азаматтың отбасындағы орны, әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен өнегелі рөлі туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін мұсылман баласына жүктелетін жауапкершілікке назар аударды.

«Бауырмалдықты арттыру, береке мен бірлікке сызат түсіретін әрекеттерден бойды аулақ ұстау, өзгеге зиян тигізбеу – әрбір мұсылманның басты қағидаты болуы тиіс. Қоғамның тыныштығы мен ұйысқан бірлігі осы ұстанымдарға тікелей байланысты», – деді Асан Жетпісбаев.

Жиын соңында жамағат рухани тұрғыдан серпіліп, игі ойлар мен ізгі ниеттерге толы басқосудан ерекше әсер алды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі