БАС МҮФТИ БАӘ ЕЛШІЛІГІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ 1726

БАС МҮФТИ БАӘ ЕЛШІЛІГІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

18 мамыр 2022 87 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігіне арнайы барып, осы елдің Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Наһаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Елшіліктің елордадағы кеңсесінде Бас мүфтиді БАӘ елшісінің уақытша сенімді өкілі Аммар Албрейки қарсы алып, сұхбаттасты. ҚМДБ Төрағасы бақилық болған БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Наһаянның екі ел арасындағы достық және рухани байланысқа қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, көңіл айту лебізін жеткізді.

«Халифа бен Заид әл-Наһаян Біріккен Араб Әмірліктерін жаңа ғасырда жаңа деңгейге жеткізген бірегей тұлға. Алла Тағала оның елге, дінге, әлемге жасаған қызметі мен жақсылығына мол сауаптан жазып, рақымына бөлегей» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.