Бас Мүфти Ақтөбедегі БАҚ өкілдерін құттықтады 675

Бас Мүфти Ақтөбедегі БАҚ өкілдерін құттықтады

25 маусым 2021 149 Оқу 1 минут

28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілгені белгілі. Яғни алдымызда келе жатқан күн халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Олардың негізгі қызметі – БАҚ құралдарының (интернет, баспа, радио, телевидение, сайт, әлеуметтік желі) көмегімен ақпаратты жинау, өңдеу және тарату жұмысы.

Осыған орай, Ақтөбе облысындағы БАҚ саласының діни бағытында асыл дініміздің құндылықтарының жаңа серпінмен насихатталуын арттыруға септігін тигізіп, аянбай қызмет етіп келе жатқан бірқатар азаматтарды құттықтап, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы құттықтау хаттар мен алғыс хаттарын жіберді.

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «AQTOBE» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасының ұжымына Бас мүфтидің алғыс хатын табыстап, діни кітаптарды сыйлыққа берді. Осы аралықта өзара бірігіп жасаған іс-шараларда қолдау білдірген телеарна басшылығы мен «Иман нұры» бағдарламасы ұжымының еңбектеріне жеміс тілеп, ерекше алғысын айтты.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің www.nurgasyr.kz ресми сайтының қызметкерлері: «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы әрі 2016 жылдан бері сайт редакторы қызметін атқарып келе жатқан Нұрбол Смағұловқа және белсенді жұмыс көрсетіп, ыждағат танытып келе жатқан сайттың дизайнері Садық Өтегеновке арнайы Бас мүфтидің өзі жолдаған құттықтауы мен алғыс хатын және ынталандыру сыйақысын табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі