«Халал Даму» өкілі адал асты насихаттады 3943

«Халал Даму» өкілі адал асты насихаттады

24 қараша 2024 50 Оқу 1 минут

ҚМДБ Халал Даму мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жұма уағызын өткізіп, уағыз соңында «Халал – шариғат талабы» тақырыбында насихат айтты. Сондай-ақ «АЛИ-ЖАС И К» ЖШС кәсіпорындарына ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің сертификаттарын табыстап, аталған мекеменің асханасы тексерілді. Сонымен қатар аудандық мешіт жанындағы асхананың жылу, газ жүйесін тексеріп, қысқа дайындығын бақылады.