Елордада «Ислам орталығы» ашылады (фото) 1264

Елордада «Ислам орталығы» ашылады (фото)

31 қаңтар 2022 122 Оқу 1 минут

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Бас мүфти бағдарлық баяндамасында барлық бас имамдарға өз өңіріне білікті кадрларды қызметке тартуды, осы мәселемен кешенді түрде айналысуды тапсыратынын және мұны жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

«Діни білім іздеген жастар неге шетелге оқуға кетеді? Бұл сұрақ осында отырған әрқайсымызды терең ойландыруы керек. Бірнеше жылдан бері мемлекетіміздің көмегімен Ислам әлемінде жоғары мәртебеге ие әл-Әзһар университетінен білікті мамандарды Нұр-Мүбәрак университетіне қызметке шақырдық.
Алайда шетелге діни білім алуға кетушілер саны азаяр емес. Біз жастарды өз елімізде діни білім алуға қызықтырып, жігерлендіруіміз керек.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, Алла қаласа, жуырда елордамыздан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығын» ашуды жоспарлап отырмыз. Мақсат – отандық діни кадрлардың сапасын арттыру» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.