«Дәстүр және отбасы» атты игі шара өтті
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт үлкедері мен жастар арасында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша игі шара өтті.
Аталған шарада ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту, қарттарды құрметтеу, жас отбасыларды рухани бірлік пен жауапкершілігін арттыру, дәстүрлі Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрмен ұштастырып, ер мен әйелдің отбасы алдындағы міндеттері, ата-ананы сыйлауды, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілік пен қарау мәселері қамтылды.
Сонымен қатар жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеу үшін салт-дәстүрімізді сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы төтеп бере алатындығы туралы жіті тоқталды имамдар.
Одан өзге дәстүр және отбасы бойынша сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының атынан дін мен дәстүр кітаптары сыйға тарту етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































