ДІН ТУРАЛЫ ЖАҢСАҚ СӨЙЛЕСЕ, ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ МА? 126

ДІН ТУРАЛЫ ЖАҢСАҚ СӨЙЛЕСЕ, ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ МА?

22 қыркүйек 2020 137 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләәму алейкум!

Адам ислам жайлы білместікпен айтқан барлық сөздері үшін жауапты болады ма?

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Ғалым Әли Жұма Мұхаммед бұл жөнінде: «Иман және күпірлік өте нәзік мәселелердің бірі. Бұл тақырыпта сөйлеу үшін аса сақтық талап етіледі. Өйткені, сол айтылған сөздерге байланысты адамның жеке тұлғасына қатысты дүниелік және ақыреттік үкім беріледі. Ғалымдар кісіні күпірлікпен айыптауға тәуекел етуден және асырудан сақтандырған», - дейді.

Фиқһ және Усул ғалымдары адамның білмей айтқан сөзінде кешірілетін және кешірілмейтін шарттарды белгілеген. Бұл шарттар жеке тұлғаға қатысты және тақырыпқа қатысты боп келеді. Төменде келтірілген жағдаяттарда адамның Шариғат тақырыбына қатысты айтқан жаңылыс сөздеріне кешіріммен қаралады. Ол өзінің білімсіздігі үшін айыпты боп есептелмейді. Атап айтқанда:

Жеке тұлғаға қатысты:

1. Исламды жақында қабылдаған болса;

2. Дін ғалымдар мен ұстаздар жоқ өлкеде өскен болса. Бұл халқы Ислам дінін ұстанбайтын елдің азаматтарына қатысты;

3. Діни білім алуға мүмкіндігі болмаған адам.

Тақырыпқа қатысты:

Белгісіз және кең тарамаған құбылыс;

Ал енді, төмендегі жағдайларда кісіге ешбір үзір болмайды:

1. Діни маңызды тақырып. Әрбір адам дін ғалымы да, қатардағы мұсылман да білетін шариғат мәселесі болса. Мәселен Жаратушы – Алла Тағала, Құран Кәрім – Алланың сөзі, Мұхаммед (с.ғ.с.) – Пайғамбар деген сияқты;

2. Құран және сүннетте мәтіні бар немесе ғалымдар бірауыздан айтқан мәселе болса, әрі ол ұрпақтан ұрпаққа ешбір қатесіз беріліп отырған тақырып болса. Мәселен, Рамазан айындағы ораза – парыз, арақ-шарап ішу – харам, шамасы жеткен адамға қажылық – парыз;

Міне, осы жағдайда діни тақырыпта жаңылған кісі өз сөзіне жауапты болады.

 

Дайындаған: nurgasyr.kz