Алға: Мешіт жамағатына Өзбекстан мемлекетіне саяхат ұйымдастырылды (ФОТО) 3104

Алға: Мешіт жамағатына Өзбекстан мемлекетіне саяхат ұйымдастырылды (ФОТО)

13 қараша 2023 1003 Оқу 1 минут

ҚМДБ отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосқан болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету. Түркістан т.б қалаларға тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру. Осы жобаны жүзеге асуына Алға ауданы әкімі Нұрбол Бақытжанұлының қолдау білдіріп, Алға ауданының мешіт жамағатына Өзбекстан мемлекетіне экскурсия ұйымдастырлып, жетекшісі ауданның бас имамы Абдурасулов Абдувахид болды. 

Дәстүрлі исламды дәріптеу, Орта Азия бойынша ислам әлеміндегі діннің таралуына және халық ағарту жұмыстарына атсалысқан ғалым ғұламалардың өмірімен жақын танысу, Мауреннаһр айналасындағы тарихи қалалармен, тарихи орындарды аралау мақсатында ұйымдастырылған саяхат барысында Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат жасалып, ескі Түркістан қаласының тарихы таныстырылды. Атап айтқанда, ескі қала қорғандарына барып, жер асты мешіті және жер асты мешіттерін көрді. Ал Түркістан облыстық мешітіне барып, ғибадат-құлшылықтарын орындады. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінің ішінде реставрациялық жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан тайқазан мен хандар сарайына кіру мүмкін болмады.

Сапар Түркістан қаласынан Сарыағаш медресесіне барумен жалғасын тапты. Медресе тіршілігімен танысып, Сманов ұстаздардың басына зиярат жасалып, рухтарына Құран бағышталды.

Сонымен қатар скі Ташкент қаласының Чорсу ауданында орналасқан Төлеби бабамызға және оның ұстазы Тахир ишанға зиярат жасалып, рухтарына Құран оқылды. Аталған жерде орналасқан атақты «Кукалташ» және имам Бухари атындағы тарихи медреселергеде барды.

Сапарда Исламның үшінші халифі Осман (р.а) Құранын көріп, оның Ташкент қаласына келгенге дейінгі тарихымен музей қызметкерлері таныстырды.

Жамағат Ташкент қаласының орталық мешітінде жұма намазын оқып, жергілікті имамдардың уағызын тыңдады. Жұма намазынан кейін әйгілі тарихи қала Самаркандта тарихи орындарға саяхат жасалды.

Одан өзге саяхат барысында әйгілі Әмір-Темір кесенесіне және оның баласы әлемді мойындатқан астроном ғалым Ұлықбектің жер асты абсерваториясын аралап, тарихым таныстырылды.

Бухара қаласында тарихи жерлерге жеке саяхттар өтті. Әлемге орталық болған, даламыздың Мәшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Досжан хазірет т.б сияқты саңлақтары білім алған атақты «Полван хафыз» медресесіне атбасын тіреді. Сонымен біргелікте әйгілі Чор минора, Арк қамалы, Похлован полван сияқты тарихи қамалдарды аралап, аталарымыздың ізін көргендей сезімде қалдық деді мешіт жамағаты.

Хива қаласының тарихи орындарынада жамағат барды. Бұл жерде Балуан, Ата қамалдары сияқты сыртқы жаулардан қорғанған атақты жерлерді де жамағатқа таныстырылды. Сонымен қатар қазақтың әйгілі би-шешені Сырым Датұлының білім алған медресесіне арнайы зиярат жасалды. тоқталдық. Қарадан шығып хан болған Хақназар ханның ордасы да көрсетілді.

Айта кетсек, тарихи орындарға саяхат жасау бағытында имам Бухари, имам Матуруди және Жалаңтөс баһадүрдің кесенелеріне реставрациялық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан ол жерді зиярат ету мүмкіндігі болмады.

Саяхат қортындысында жамағат ұйымдастырушылар мен жетекшілерге алғысын білдірді. Руханияттары байығанына рақметін айтты. Танымдық саяхаттың әсері туралы ойларымен бөлісті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі