«Дархан дала» жобасы аясында экскурсия ұйымдастырылды 6536

«Дархан дала» жобасы аясында экскурсия ұйымдастырылды

10 шілде 2026 25 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында Құмжарған ауылдық клубы мен мәдени ұйымдастырушысы Нұргүл Сәлімгерейқызы, клуб жанындағы үйірме қатысушылары Ойыл аудандық мешітіне экскурсия жасады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық салт-дәстүр мен діни-мәдени мұраларды насихаттау, сондай-ақ олардың танымдық көкжиегін кеңейту.

Экскурсия барысында Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы мешіт тарихы және тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар балаларға адамгершілік, имандылық, үлкенді құрметтеу және кішіге қамқорлық көрсету қағидаттары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі