Хромтауда Құран жарысы өтті 1579

Хромтауда Құран жарысы өтті

25 сәуір 2022 174 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан жарыс өтті.

Жарыста Түркиядан келген Дуран Рыдван қари, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменов және «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» қарилар дайындау республикалық орталығының түлегі Бейсултан Көптілеуұлы төрелік етті.

Әділқазылар сайысқа қатысушы шәкірттер мен жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар баға беру барысында қатысушының оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән бергендігін атап өтті.

 Қортынды есеп бойынша ең үздік ретінде Абдумажит Арман танылып, Бас жүлде (50 000тг) иегері атанды. Ал Есетұлы Алмат І орынмен (40 000тг) , Қожахмет Нұрғиса (30 000тг) ІІ орынмен, ІІІ орынмен Сұлтанұлы Салман (20000тг) марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі