“Бақытжан” мешітінде “Ережеп айының қадір-қасиеті” тақырыбында семинар өтті.
Мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың төртеуі қасиетті айлар болса, соның бірі – ережеп айы. Бұл жөнінде Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында былай дейді: «Тегінде аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (зулқағда, зүлхиджа, мухаррам, ережеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар».
Осыған орай, қассиеті Ережеп айына қатысты
“Бақытжан" мешітінде әйелдер жамағатына семинар өтті. Шарада мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова қасиетті үш айдың артықшылығы, құлшылық, жасалатын дұғалар жайлы айтылды.
"Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Ережеп айы харам айы болғандын бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерден барынша алыс болуымыз қажет" - дейді ұстаз.
Шара соңында жамағаттың сауалдарына жауап берілді.