Аудан әкімі Бас имамды қабылдады 574

Аудан әкімі Бас имамды қабылдады

16 наурыз 2021 259 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Сұлтанов Ерік Қонақбайұлы аудан әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлының қабылдауында болды. Бас имам Аудан әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлының жаңа қызметімен құттықтап, алдағы уақыттарда еңбегінің табысты да абыройлы болуын тіледі. Кейін аудандағы діни ахуал туралы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сұхбаттасып, жоспарлармен бөлісті. Өз кезегінде Азамат Бауыржанұлы мақсат пен мүдде бір екенін айтып, сол қызмет жолында әрдайым бірге қызмет атқаруға шақырды.


Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі