Ақтөбеде судан зардап шеккен 150 отбасыға азық-түлік таратылды 3326

Ақтөбеде судан зардап шеккен 150 отбасыға азық-түлік таратылды

07 сәуір 2024 326 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, «Қызыл ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында су апатынан зардап шеккен 150 отбасыға азық-түлік таратылды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы отбасыларға Рамазан айының жақсылығын тілеп, Алладан жеңілдік сұрады. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли еріктілермен бірге мұқтаждарға азық-түліктерін жеткізіп беру ісін қолға алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі