Банктың несие бөлімінде жұмыс істеуге болады ма? 1140

Банктың несие бөлімінде жұмыс істеуге болады ма?

30 қараша 2021 240 Оқу 1 минут

Сұрақ: Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Бір бауырым банкте несие беретін бөлімде несие беруші болып жұмыс жасайды. Өзі жаңадан дінге бет бұрып, бес уақыт намаз оқуда. Енді не істесе болады? Жұмысын жалғастыра береме әлде жұмысынан шығама? Әли Алмат Амангелдіұлы

Жауап: Уағалайкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Құрметті Алмат Амангелдіұлы!

Бауырыңыз банктың несие беру бөлімінен басқа бөліміне ауысқаны жөн. Себебі, шариғатымызда несие алу және несие беруге тыйым салынған. Алла Тағала «Талақ» сүресінің 2-аятында: وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ ۚ وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ بَالِغُ أَمْرِهِ ۚ قَدْ جَعَلَ اللَّهُ لِكُلِّ شَيْءٍ قَدْرًا... «...Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады.(3) Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған» дейді.

Бауырыңыздың шариғат бойынша адал еңбекпен дүние табуына тілектеспіз.

Дереккөз: http://fatua.kz/kz/post/view?id=792