АҚСАҚАЛДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚ БАТА» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ 2402

АҚСАҚАЛДАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚ БАТА» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

30 қаңтар 2023 72 Оқу 0 минут

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Дін мен дәстүр бағыты бойынша ақсақалдар арасында республикалық «Ақ бата» бата беру байқауын жоғары деңгейде өткізуіміз қажет. Одан бөлек «Дін мен дәстүр» тақырыбында әйелдер арасында облыстық деңгейдегі интелектуалдық сайыстар, мешіт жамағаты арасында ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерінен турнирлер, Рамазан айы қарсаңында Жарапазан айту эстафетасын, «Дін мен дәстүр» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын өткізуіміз керек» деді ҚМДБ Төрағасы