Қарғалыда садақ атудан жарыс ұйымдастырылды
Қарғалы аудандық “Ас-Самиғ” мешітінде Жастар секторына жауаты Нұрлан Қырықбаевтың ұйымдастыруымен “Дін мен дәстүр” бағыты аясында садақ атудан жамағат арасында жарыс өткізді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақ атуды және атқа мінуді үйреніңдер», – деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтқан: «Расында, күш – садақ атуда». Сондықтан асыл дінімізде садақ ату – сүннет амалдардың бірі.
Сайыс қортындысында нысаннан дәл көздеп жоғары ұпай жинаған мергендерге сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі