Ауданда жастар аралық футбол сайысы өтті 3450

Ауданда жастар аралық футбол сайысы өтті

10 шілде 2024 1163 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы  Темір аудандық  «Досжан Ишан» мешітінің ұйымдастыруымен   мешіт жастары  арасында футбол ойыны өтті. 

Облыстық «Жастар ісі» секторы бөлімінің меңгерушісі Кәрім Еламанның мұрындық болуымен өткізіліп келе жатқан спорттық шара  тағы бір мәрте жалғасын тауып,  мешіт жамағаты  футбол алаңында бас қосты. 

"Football cup 2024" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. 

Айта кетейік, жүлделі орын алған команда және ойыншыларға бағалы сыйлық берілді.