Бегімбетте Мәуліт туралы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды 1065

Бегімбетте Мәуліт туралы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды

06 қараша 2021 128 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы Бегімбет ауылындағы «Бегімбет» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай жұма намазы уақытында «Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі жайлы не білеміз?» тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтті.

Жиналған жамағатқа «Бегімбет» мешітінің бас имамы Нұрдәулет

Әуезов ардақты Пайғарымыздың (с.ғ.с) ғұмыр жолы туралы сауалдарды қойды.

Іс-шара қортындысында белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға бас имам бағалы сыйлықтарды табыстады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі