Пәтуа сағатында оразаға қатысты сұрақтарға жауап берілді
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде кезекті «Пәтуа сағаты» өтті.
Бұл жолғы Пәтуа сағатында жамағаттың оразаға қатысты сұрақтарына жауап берілді.
Атап айтсақ, «Рамазан айында күндіз ас беруге бола ма?», « Қан алғызумен ораза бұзыла ма?», « Намаз оқымайтын адамның оразасы дұрыс па?», «Сәресіге ұйықтап қалған жағдайда, сол күнгі ораза есептеледі ме?» атты сұрақтардың пәтуасы толыққанды ашық түсіндірілді.
Айта кетсек, әр жұма күні жұма намазынан кейін өкілдікке қарасты барлық мешітте «Пәтуағы сағаты» өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі