«АБАЙ МҰРАСЫ — ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІР ҚАЗЫҒЫ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ
Ақтөбе қаласында «Ихсан», «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы және Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы — ұлт руханиятының темір қазығы» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірбаяны, еңбектері, қара-сөздері, Абай жолы романы бойынша жамағаттың білім деңгейін анықтау, Һәкімнің шығармашылғын дәріптеу мақсатында сайыс «Абай мұрасы» —халық қазынасы», «Қара сөзден ғақлия шырағы»», «Абай жолы — дара жол», «Өлең — сөздің патшасы(музыкалық сәт) деп аталатын 4 бөлімнен тұрды.
Қатысушылар Абайдың қара сөздерін кеңінен талқылап, арнайы берілген тапсырмалар мен тест сұрақтарына жауап берді.
Додада «Ихсан» орталығының психолог маманы Нұрмұхаммед Разақ, «Ансар» АТО теолог маманы Сапар Саматұлы және Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли қазылық етті.
Сайыс қорытындысы бойынша «Әзіреті Біләл» мешітінің атынан қатысқан топ мүшелері 1орын, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің тобы 2 орын, ал «Әл-Ләтиф» мешітінің шәкірттері 3 орын иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

















































